Жарамсыз медициналық қолғаптарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған Түркістан облысы Келес ауданындағы «Абай» ауруханасының хирургі Қайрат Сейдуәлиев жұмысқа орналасқанын айтты. Бұл туралы Оtyrar.kz хабарлады.
Хирург қазіргі уақытта Сарыағаш ауданындағы Орталық ауруханаға жұмысқа орналасқан.
"Ұсыныс Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінен келді. Өйткені, қазір пандемия жағдайында өңірде маман тапшы" делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 33 жастағы Қайрат Сейуалиев қолдануға жарамсыз медициналық қолғаптарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салғаны үшін жұмыстан қуылған болатын. Видеода науқас пен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заттардың барлығы киетін кезде жыртылып қала беретінін айтқан. Дәрігер бұл видеоның алдында ауруханаға әкімшілігіне барғанымен, сонда да сапалы қолғап ала алмай, нәтиже болмағанын айтады.
Пікір қалдыру