Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген Instagram желісінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға дәріханалардағы дәрі тапшылығын айтып жазба қалдырды.
"Алексей Цой денсаулық сақтау министрі болып тағайындалғаннан бері ведомствада қозғалыс басталды. Сандары бар презентация көрсетілді, короновирус белгілері бар және жоқ адамдар біріктірілді, президентке короновирус жағдайында қолданатын шаралар туралы мәлімделді тағы.. осымен болды.
Бірнеше күн бұрын Цой халық дүрбелеңді қолдан жасап отыр (мұндай факт іс жүзінде бар, бірақ ондай масштабта емес), ал дәрілердің барлық түрі бар деген мәлімдеме жасады. Бізде дәрі жеткілікті, бірақ барлығын сатып алып кетіп жатыр екен.
Министр мырза, мен кей жерде сізбен келісемін, бірақ үлкен мәлімдеме жасамай тұрып алдымен вице-министр және көмекшілеріңізбен кеңесіп алыңыз да жерге түсіңіз. Содан соң "министрлік үйіне" жақын тұрған дәріханаға барып кез келген азаматтың өзіңіз айтпақшы Қазақстанда 20 түрі бар "парацетамол" дәрісін қалай сатып алып тұрғанын көріңіз.
Менің жақындарым маған дәрі алу үшін дәріханалар алдында әртүрлі кезекте жеті сағат тұрған, себебі мен жатқан ауруханада да қажетті дәрілердің барлығы болмады (дәрігелерге рақмет, сіздер патриотсыздар!)
Міне, қарапайым халық күнде бетпе-бет келетін НАҒЫЗ ШЫНДЫҚ осы. Сағаттап тұратын кезектер мен керекті дәрілердің жоқтығы.
Аурухана алдындағы кезектер мен аурухана алдында адамдардың қалай қайтыс болып жатқан туралы өзіңіз де хабардарсыз. Сіздердің кешенді өрістеріңіз қайда? Мен де басқалар секілді тек сіздердің Шымкент қаласының спорт кешеніндегі масқара төсек орындарыңызды көрдім.
Сұрақ көп, жауап жоқ. Ресей мен Қытайдан келетін көмек қалай болса солай емес ретімен бөлінеді деген ойдамын.
"Қымбатты" денсаулық сақтау министрлігі, ояныңыздар да қарапайым дәрігерлердің айтқандарына құлақ асыңыздар. Олардың қажеттіліктерін орындаңыздар, халықтың айтқанын тыңдаңыздар да қарапайым дәрілермен қамтамасыз етіңіздер, содан кейін барып "біз әлемдегі керемет мемлекетпіз, басқа елдер бізге қызыға қарайды" деп сосын айтатын боламыз" делінген кәсіпкер жазбасында.
Бұған дейін Алматы қаласы дәріханаларындағы дәрі тапшылығы туралы видеорепортаж дайындаған болатынбыз: Алматы дәріханаларындағы дүрбелең. Парацетамол, аспирин тапшы (видеорепортаж)
Пікір қалдыру