"Дене қызуымен тойда жүр" делінген қыз видеоүндеу жолдады

/image/2020/07/04/crop-137_126_566x688_snimok-ekrana-29.png

Желіде белгісіз қыздың "39 градус дене қызуымен тойда жүрмін" деген жазуы бар сурет тарап жатыр. Бұл продюсер, сценарист Алматова Жазира Талғатқызының суреті екені белгілі болды. Ол желіде тараған жалқан ақпаратты терістеп, Instagram парақшасында үндеу жасады. 

Суретті желіге Астана TV арнасының бас продюсері Азамат Исаев жүктеген. Исаевтан журналист Айгүл Мүкей алып  "қыздар түсініңдер, бұл қорқынышты ауру... Сендер әлі жассыңдар, дене қызуын еңсере аларсыңдар... ал үлкен кісілер тіл тартпай кетіп жатыр" деген мәтінмен өз парақшасына салды. Журналистің салған жазбасын көріп белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген де өз оқырмандарымен бөліскен. Ары қарай желі қолданушылары стористері мен парақшаларында тарата бастаған.

 

Болып жатқан жағдайды көріп, үнсіз отыра алмаған Жазира Талғатқызы бұл суреттің бірнеше уақыт бұрын салынғанын айтып, видео түсіріп парақшасына жүктеді. 

"Қайырлы күн достар! Мен туралы таралып жатқан ақпаратқа байланысты үндемей отыра алмадым! Бұл нәрсе кімге және не үшін керек болғаны белгісіз?! Аллаға шүкір денім сау, мынау аты жаман вирустан аманбыз!

Бұл бірнеше уақыт алдын салынған видео болатын. Менде сіздер сияқты самоизоляцияда отырмын! Туған-туыс, ата-анамның денсаулығына алаңдаулымын. Бірнеше айдан бері барлық тойханалар жабық екені де белгілі! Оны белгісіз бір желі қолданушылары бұрмалап таратып жібергені белгілі болып отыр! Менің тарапыма осыншама негатив сөздер көңіліме қатты келіп отыр? ??

Сіздердің де қарындас-әпкелеріңіз бар емес пе?! Құрметті журналист, блогерлер мәселенің анық қанығын білмей жатып елді дүрліктірмеңіздер! Тырнақтың астынан кір іздеп, қаралап, табалауды қойыңыздар! Ауырып жатқан бауырларымды Алла қолдасын, шипасын берсін. Деніміз сау, еліміз аман болсын! делінген видео жазбасында. 

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Қайырлы күн достар! Мен туралы таралып жатқан ақпаратқа байланысты үндемей отыра алмадым! Бұл нәрсе кімге және не үшін керек болғаны белгісіз?! Аллаға шүкір денім сау, мынау аты жаман вирустан аманбыз! Бұл бінеше уақыт алдын салынған видео болатын. Менде сіздер сияқты самоизоляцияда отырмын! туған-туыс, ата-анамның денсаулығына алаңдаулымын. Бірнеше айдан бері барлық тойханалар жабық екені де белгілі! Оны белгісіз бір желі қолданушылары бұрмалап таратып жібергені белгілі болып отыр! Менің тарапыма осыншама негатив сөздер көңіліме қатты келіп отыр? ?? Сіздердің де қарындас-әпкелеріңіз бар емеспе?! Құрметті журналист, блогерлер мәселенің анық қанығын білмей жатып елді дүрліктірмеңіздер! Тырнақтың астынан кір іздеп, қаралап , табалауды қойыңыздар! Ауырып жатқан бауырларымды Алла қолдасын, шипасын берсын! Деніміз сау , еліміз аман болсын!

Публикация от Жазира Талғатқызы (@jazi_almatova)

 

Жазира Талғатқызы оқиғаның мән-жайын түсіндіргеннен кейін желі қолданушылары білместікпен жасаған әрекеттері үшін кешірім сұрап жатыр.

Азамат Исаев сценаристің суретін парақшасынан алып тастап, сторисіне продюссердің видеосын жүктеп қойған. 

Қайрат Құдайберген мен Айгүл Мүкейдің парақшасындағы жазба әлі де тұр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар