Ұлыбританияда коронавирустан үйде емделген 20 мыңға жуық тұрғын қайтыс болғаны расталды. Алайда нақты көз жұмғандар бұдан да көп екені айтылуда. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дүйсенбіде Ұлыбританияда коронавирустық өлім-жітімнің жалпы саны 44 236-ға жеткен. BBC ақпараты бойынша, 2020 жылы 2 наурыз бен 12 маусым аралығында үйде күтім алып қайтыс болған адамдар өткен жылғыдан 30 мыңға көп болған. Оның 20 мыңға жуығы коронавирустан қайтыс болғаны расталған.
Мәселеге байланысты Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон "коронавирустық дағдарыс жағдайында үйде күтім алғандар тиісті процедураларды сақтамады" деп мәлімдеген. "Премьер-министр осындай жағдайлар өлім санының өсуіне себепкер болғанын айтты" деп хабарлады The Guardian.
Ұлыбритания денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктер вирустың үйлер арасында тарағаны анықталғанын мәлімдеп, ресми есепте шамамен 25 мың науқастың коронавирусқа тексерілместен үйде күтімге алуға жіберілгенін жариялаған.
Йоркширдегі Goole-ге барған Ұлыбритания премьер-министрі пандемия кезінде "біз әлеуметтік қамқорлықтағы адамдарды жақсырақ қарауымыз керек" деп ескерткен.
Ол сондай-ақ "біз үйде күтім алған көп адамдардың процедураларды дұрыс орындамайтынын анықтадық, бірақ біз үнемі сабақ өткізіп жатырмыз. Ең бастысы, оларды тиісті түрде қаржыландыру керек" деген.
Пікір қалдыру