ШҚО-да 1 032,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

/image/2020/07/08/crop-7_39_327x581_xcynntvh.jpg
Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың тиімділігін бақылау мен мониторингті күшейту жөнінде (мерзімі: 2019 ж. қараша – 2021 ж.), сондай-ақ оларды алып қоюдың механизмін күшейте отырып, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін өндірістік қызметке тарту жөніндегі жұмысты жандандыру туралы тапсырмалар берді (мерзімі: 2019 жылғы қараша, 2020 жылғы мамыр). Ал осыдан үш жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мақсатына сай пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын барлық ауыл шаруашылығы жерін алып қоюды және оларды 2019 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы айналымына тартуды қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Соған сәйкес Шығыс Қазақстанда осы бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілуде. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында жерді пайдалану және қорғауды бақылау басқармасының басшысы Сейсенғазы Чукаев мәлім етті.
 
Брифинг барысында басқарма басшысы 2015-2019 жылдар аралығында пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын 1 554,0 мың га ауыл шаруашылығы жерлері анықталғанын атап өтті. Оның ішінде 1 032,3 мың га мемлекет меншігіне қайтарылған (оның ішінде 908,5 мың га ауыл шаруашылығы айналымына тартылды, 123,8 мың га тартылмаған – жерге орналастыру жобасының дайындығына қарай конкурсқа шығарылады, сондай-ақ сұраныс жоқ алыстағы учаскелер бар), 214,2 мың га – жер пайдаланушылар жерді пайдалануға кірісті, 307,5 мың га – материалдар мемлекеттік органдардың қарауында (жерлерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде, иесіз мүлік ретінде есепке алынған, сотқа талап-арыз жіберу үшін материалдар дайындалуда).
 
ШҚО ақпарат орталығы
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар