Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиология орталығында ем алып жатыр. Әкімге ентігу мен жүрек қан тамырларының жеткіліксіздігі диагнозы қойылған.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифингте айтты.
– Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлында коронавирус үш апта бұрын анықталған болатын. Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек қан тамырларының жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтандағы кардиология орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады, – деді Батыржан Байжұманов.
Сондай-ақ ол қазіргі уақытта әкімнің жағдайы жақсарғанын атап өтті.
– Оның жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада ол жазылып, жұмысқа кіріседі, – деді Байжұманов.
Амандық Баталовтың 22 маусым күні коронавирусқа тапсырған соңғы ПТР тесті оның Covid-19 жұқтырғанын көрсеткен.
Пікір қалдыру