Мұрат Әбенов: Дәрі-дәрмек тапшылығына кінәлілерді жұмыстан шығару аздық етеді

/image/2020/07/10/crop-3_111_766x1362_abenov-foto-s-forum.almau_.edu_.kz_.jpg

Ұлттық кеңес мүшесі, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов президенттің кеңейтілген отырысында айтқан дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты шешімдері туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Мұрат Әбеновтің пікірінше, бұл іске құзырлы органдар араласу қажет.

– Дәрі-дәрмек тапшылығына кінәлі қор басшыларын жұмыстан шығару аздық етеді. Қаншама адам қайтыс болды. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Комитеті мен Бас Прокуратурасы бұл істі қарау керек,-деп жазды қоғам белсендісі.

Оның айтуынша, қазақстандықтар үшін дәрі-дәрмек мәселесімен Президенттің өзі тікелей айналысып жатқаны өте маңызды.

– Біріншіден, денсаулық сақтау саласы дәрі-дәрмек тапшылығын қолдан жасау арқылы үлкен трагедияларға жол берді. Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала дәрі-дәрмек тізімін қарастырудың орнына «СҚ Фармацияға» тапсырып қойды. Елдегі дәрі-дәрмекті сатып алу тек бір ғана ұйым арқылы жүргізілді. Нәтижесінде дәріхана сөрелерінен дәрілер жоқ болды. Президент осы мәселені көтеріп, жауапты қор басшыларын жұмыстан босатып, тексеруді тапсырғаны дұрыс шешім деп ойлаймын, - деді Мұрат Әбенов

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар