Қазақстанда қанша медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болды?

/image/2020/07/16/crop-26_7_531x945__111484920_chinagettyimages-1206284774.jpg

Қазақстанда осы уақытқа дейін 51 медицина қызметкері коронавирустан көз жұмды. Бұл ақпаратты бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау министрлігіне қарасты тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілі Тимур Сұлтанғазиев айтты. 

– Біздің мәліметіміз бойынша, 51 медицина қызметкері қайтыс болды. Олардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Мемлекет басшысы 13 шілдеде қаза болғандардың барлығын мемлекеттік наградалармен марапаттады, 42 медицина қызметкері марапатқа ие болды, – деді Сұлтанғазиев.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған 42 медицина қызметкерін өлген соң марапаттаған.

Соңғы ресми ақпаратқа сай, елде вирус жұқтырғандар 65 мыңнан асты, 375 адам көз жұмды. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар