Қазақстанда 51 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты деп хабарлады Tengrinews.kz.
"Біздің мәліметімізге сәйкес, 51 медицина қызметкері қайтыс болды. Олардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтамыз. 13 шілдеде Мемлекет басшысы қайтыс болғандардың барлығын мемлекет наградалармен марапаттады. 42 медицина қызметкері награда алды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 188-ге жетті. 39 066 науқас дертінен айықты, 375 адам қайтыс болды.
Пікір қалдыру