Алматы қалалық сотының 36 судьясы мен 33 қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
– Алматы қалалық сотының өкімімен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін 17 шілдеден 2 тамызға дейін судьялар мен сот қызметкерлері үйлерінде оқшауланып, қашықтан штаттық режимде жұмыс істейді, – деді қалалық соттың баспасөз қызметі.
Алматы қалалық сотының сот алқалары және аудандық сот төрағалары жұмыс орнында болуға міндеттеледі. Осы жұмысты атқару үшін ақпараттық технологиялар бөліміне судьялар мен қызметкерлердің компьютерлеріне «Төрелік» бағдарламасын орнатуға міндеттеледі.
– Өкінішке қарай, Алматы соттарында 69 адамда Covid-19 расталған. Оның ішінде 36 судья мен 33 қызметкер бар, – деді Алматы сотынан.
Пікір қалдыру