ШҚО-да пневмониямен ауырған науқастар саны соңғы 4 жылда азайды

/image/2020/07/17/crop-15_16_697x1239_091656861600.jpeg

Статистика бойынша 2020 жылдың 6 айы мен соңғы 4 жылда пневмониямен ауырған және қайтыс болған науқастардың саны төмендеді. Ағымдағы жылы өңірде 4937 адамда пневмония тіркелді. Оның ішінде 79 адам қайтыс болды. Соған қарамастан соңғы төрт жылда пневмония бойынша өлім көрсеткіші 33% азайды.

Денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сүйенсек, Шығыс Қазақстанда 2016 жылдың 6 айында 5382 адам пневмонияға шалдығып, оның ішінде 117-і қайтыс болған. 2017 жылы 6164 жағдай тіркеліп, 101 өлім фактісі тіркелді. 2018 жылы бұл көрсеткіш төмендеді. 6138 адамнан пневмония анықталып, 95 науқас қайтыс болды. Өткен жылдың 6 айындп 5991 адам пневмониядан жазылып, өлім көрсеткіші 114-і құрады. Биыл 4937 адам пневмонияға шалдығып, 79 науқас қайтыс болды.

Әлемдік пандемияға байланысты елімізде ковидтік пневмониямен ауырғандар саны артты. Шығыс Қазақстан облысының бас пульмонологы Зағрипа Абдиеваның айтуынша, облыстағы дәрігерлер пневмонияны алғашқы сатысында анықтауда. Өңірде 15 КТ аппараты, 60 рентген аппараты бар. Бұл пневмонияны алғашқы сатысында анықтап, науқастарға ем жасауға мүмкіндік береді. Бактериалды, вирустық, саңырауқұлақтық пневмония түрлерін анықтауға болады.

Медицина қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын дүрбелеңге салынбай, денсаулықтарына мұқият қарауға шақырады.

Компьютерлік томография аппараттары тәулік бойы жұмыс істейді. Соның арқасында пневмонияның кез келген түрін анықтап, ем жасауға мүмкіндік береді.

ШҚО ақпарат орталығы

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар