Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмонияның зертханада расталған деректерін бірге санау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа бюросының мамандарымен кеңесе келе Қазақстанда COVID-19-дың расталған деректерінің статистикасын ПЦР-тестте теріс нәтиже көрсеткен, бірақ клиникалық белгілері бар пневмония статистикасымен біріктіру туралы шешім қабылданғанын айтты.
Індеттің халықаралық классификациясының коды пайдаланылған біріктірілген статистика 1 тамыздан бастап ұсынылады.
Министр сондай-ақ 2020 жылдың 1 қаңтарынан 15 шілдеге дейін Қазақстанда 234 187 адамның пневмонияға шалдыққанын мәлім етті. Бұл былтырғы сейкес кезеңнен 3,3 есеге көп. Пнвмония жұқтырған 234 787 адамның 3327-і қайтыс болған. Былтыр бұл кезеңде 1 896 адам аталған аурудан көз жұмған.
Бұған дейін ДДСҰ, шетел және Қазақстан ғалымдары Қазақстанда өршіп тұрған пневмонияның іс жүзінде коронавирус екенін мәлім еткен.
Кеше президент Тоқаев үкіметке пандемия статистикасын біріздендіруді тапсырған.
Пікір қалдыру