Мәскеу соғыс ұшақтары Ресей шекарасы маңында АҚШ және Норвегия барлау ұшақтарымен бетпе-бет келді. The Express газетінің ақпаратынша, Норвегия әскери-әуе күштері және АҚШ әскери-теңіз күштері қара теңіз үстінде ұшқан. "Ресей қорғаныс күштері АҚШ пен Норвегия ұшақтарына кедергі келтірді" дейді британиялық басылым.
Соңғы апталарда Ресей шекараларында осыған ұқсас бірқатар оқиға болған.
Ресейдің әуе қорғанысын сынайтын ұшақтар мен НАТО әскери ұшақтарды бірнеше рет бетпе-бет келген.
Газеттің жазуынша, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына қарай ұшқан нысандар барлау ұшақтары ретінде анықталған.
Бұған дейін, сенбі күні Жапон теңізінде Ресейдің әуе кеңістігіне бет алған "RC-135" тыңшы ұшағы Ресей күштеріне жақын келген.
Осы айдың басында Қара теңізде АҚШ-тың тағы бір ұшағына Мәскеу бомалаушылары кедергі келтірілген.
Бірнеше күн бұрын тағы сондай екі оқиға тіркелген.
Соңғы бірнеше апта ішінде АҚШ-тың бомбалаушылары мен әскери ұшақтары Скандинавия үстінен өткен.
Маусым айында Швецияның үстінен АҚШ-тың екі "В-1" дыбыстық бомбалаушысы Швецияның ұшақтарымен бірге ұшқан.
Содан кейін олар Норвегиядан өтіп, норвегиялық "F-35" жойғыш ұшақтарымен біріккен.
Мамырдан бастап Норвегия маңында АҚШ-тың бірқатар бомбалаушылары, соның ішінде В-52 және В-2 ұшақтары пайда болған.
Скандинавия елдері бұған дейін жүз жылдан астам уақыт бейтараптықты жариялаған.
Бірақ жақында өткізілген бірлескен әскери іс-қимыл Норвегия мен Швецияға енді бейтарап емес екенінен дерек береді.
– Біздің қазір көріп отырғанымыз - жаңа, америкалықтар өздерінің әскери-теңіз кемелері мен бомбалаушыларын геосаяси сигналдарды жіберу үшін қолдана бастады. Швецияның АҚШ-пен бірге осы жаттығуларға қатысуы бұл – жаңа даму, – дейді Бодо қаласындағы Солтүстік университеттің әскери кеңесшісі Пер Эирк Солли.
Ал Норвегияның еңбек партиясының лидері Йонас Гар Стёр НАТО-ның Ресейге онша көңіл аудармайтынына алаңдаушылық білдірген.
Пікір қалдыру