Әлеуметтік медсақтандыру қорының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды

/image/2020/07/17/crop-11_6_339x452_17-fsms.png

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы қор қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов мәлімдеді.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сатып алынатын қызметтердің құнын көтеру арқылы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ-ның қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, – деді ол.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы А.Н. Жұмағұлов қызметінен босатылған болатын.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар