Нұр-Сұлтанда №2 қалалық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Иван Иванович Ли қайтыс болды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Иван Ивановичтің жасы 60-та. Ол коронавирус инфекциясынан көз жұмды.
Иван Ли ісінің нағыз маманы болатын, ол құтқарған өмір саны біреу емес. Алғашқы күннен бастап ол коронавируспен күресте алдыңғы шепте тұрды. Оның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз" делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Бұған дейін қауіпті індеттен Қазақстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары – Әмірбек Төгісов, Қазақстанның президенттігіне үміткер болған – Жақсыбай Базылбаев, Ақтөбе қаласында инфекциялық аурухананың бас дәрігері – Қалихан Қозбағаров, Алматы облысы әкімінің орынбасары – Серікжан Бескемпіров, сонымен қатар Алматы облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері – Қайрат Баймұхамбет қайтыс болған.
Пікір қалдыру