ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен өңірінің бас имамы Мухатай Ермек қажы Тасболатұлы жерлеу рәсімі мен ас беру туралы сұраққа жауап берді.
Бас имамның айтуынша, жерлеу рәсімі барысында көп адам жиналуға болмайды. Әрине, халық көңіл айтқысы келеді.
Алайда қазіргі жағдайға байланысты телефон арқылы көңіл айтуға болады. Бұл пандемияның кеңінен таралмауына мүмкіндік береді.
Жерлеу рәсіміне 10 адамнан артық қатысуға болмайды.
Дұға жасауға 5 минут беріледі. Бұл кезде барлық санитарлық талаптар сақталуы тиіс.
Пікір қалдыру