Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Үржар ауданында

/image/2020/07/29/crop-23_82_697x1239_unnamed-2.jpg

24 шілде күні ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ерлан Жалмағамбет Аягөз қаласынан кейін Үржар ауданында болып қайтты. Сапар «Шығыс - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақыт, қоғам өкілдері және БАҚ қатысуымен жүзеге асырылды.

Аудан әкімінің қатысуымен кездесудің басты оқиғасы заманауи сервистік әкімдіктің тұсаукесері болды. Ол азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы жаңғыртылған форматта жұмыс істейді, онда: күту залы, кеңес беру алаңы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, ақпараттық стендтер, WI-Fi желісі, балалар бұрышы бар және мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы жағдайлар қарастырылған. Мұнда әрбір азамат сәулет және аудан құрылысы, жер қатынастары, әлеуметтік сала және басқа да қызықтыратын мәселелер бойынша қажетті қызметтер мен кеңестер ала алады.

Үржар ауданының «ASHYQ AKIMDIK» қызметі ашықтық, қол жетімділік, есептілік және тұтынушыға ең басты бағыт-бағдар көрсету ұстанымдары бойынша жұмыс істейді. Бұл логотип Шығыс Қазақстанның бүкіл аумағында бірыңғай болып табылады және оның тұрғындарының танымал брендіне айналады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ШҚО әкімдігімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Мәселен, сервистік әкімдіктердің ашылуы жергілікті атқарушы органдар қызметі арқылы тұрғындар үшін қолжетімді әрі ашық болады, бұл халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Е.Жалмағамбет Үржар ауданының әкімі Н.Тоқсеитовтың төрағалығымен өткен селекторлық кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлімдердің басшылары, сондай-ақ 27 ауылдық округ әкімдері ZOOM платформасы арқылы on-line режимінде қатысты.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы өз баяндамасында бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі бойынша заңнамалық түзетулерге егжей-тегжейлі тоқталып, қатысушыларға мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу туралы ескертті. Сондай-ақ, бюджет қаражатын мақсатты жұмсау үшін жауапкершілік, үнемдеу қажеттілігі және Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қатаң сақтау туралы ерекше атап өтті.

Кеңес барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік жоспарлайтын құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейту, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қысқа айыппұлдарды қолдануды болдырмау сияқты жаңалықтар туралы ақпарат берілді.

«Бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін санкциялардың пәрменділігін арттырады және оларды жасағаны үшін қоғамдық қауіптің жазалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Е.Жалмағамбет.

Үржар ауданына жұмыс сапары соңында «ADALDYQ ALANY» жобасы аясында әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы және АХАТ бөлімдерімен жұмыс жасайтын фронт-кеңсенің жұмысымен танысты.

Жұмыстың осы форматы Мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқартуға және сайып келгенде қызметтерді алудың жеделдігі мен ыңғайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының айтуынша, мемлекеттік органдарда фронт-кеңселерді ашу және насихаттау - бұл мемлекеттік аппарат қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуда және трансформациялауда үлкен қадам.

ШҚО ақпарат орталығы

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар