Тамыз айының соңына қарай Қарағайлы ықшам ауданындағы үйлерге инженерлік желілер салынады

/image/2020/07/29/crop-17_8_347x616_2293288a-e23b-485d-aa06-4cf97565dee5.jpg
Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үйлерге инженерлік желілердің құрылысы өткен жылдың қазан айында басталып, осы жылдың 30 тамызда аяқталады.
 
Жоба «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Мердігер - «Фирма Азия» ЖШС. Жобаның жалпы құны 187,911 миллион теңгені құрады. Құрылыс бөлімінің хабарлауынша, жұмыс аяқталуға жақын.
 
- Жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 449 метр. Кәріз желісінің ұзындығы - 409 метр, сумен жабдықтау жүйесінің ұзындығы - 560 м. Жалпы, инженерлік желілер бес үйді қамтиды, деп қалалық құрылыс басқармасында хабарлады.
 
Семей қаласының ақпараттық орталығы
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар