Болып жатқан жағдайға бейжай қарамайтын кәсіпкер Өскемендегі бір ауруханаға 45 антибиотик инъекциясы мен 300 құты дексаметазон және 2 мың медициналық маска жіберді.
"ОптоМед" фармацевтикалық желісінің басшысы Оксана Яблокованың айтуынша, өткен аптада компания тапшы медикаменттерді алған.
- Біз қабынуға қарсы антибиотиктер, левофлоксацин, азитромицин, дексаметазон, парацетамол, аспирин мен медициналық маскаларды алдық. Мұның бәрі коронавирусты емдеуге көмектеседі. Біздің басшылық ауруханаларға көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Филиалдарымызда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, - деді Оксана Яблокова.
ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері емдеу мекемелеріне барлық көмекті көрсетуде.
- Қазіргі уақытта барлық ауруханалар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Соған қарамастан, біздің азаматтар көмек беріп, дәрігерлерге қолдау көрсетуде. Бұл қуантарлық жағдай. Демек, шығысқазақстандық нарықта дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Біз елімізде болып жатқан жағдайдан абыроймен шығатынымызға сенемін, - деді тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінің фармацевтикалық бөлімі басшысының орынбасары Нұргүл Құнапиянова.
Пікір қалдыру