Алматыда мас көлік жүргізушісі 1 жасар бала мен ересек адамды қағып кеткені туралы әлеуметтік желіде жазба жарияланды.
Жазбада көрсетілгендей, Вахтангов 2а көшесінде мас жүргізуші 1 жасар мен бала мен ересек адамды қағып, артынша оқиға орнынан қашып кеткен.
Қылмыстық оқиғаға қатысты полиция департаменті түсініктеме берді.
Түсініктемеде жүргізушінің ұсталғаны, сот медициналық сараптама жасалғаны мәлімделген.
Жапа шеккендердің денсаулығына келтірілген зиян анықталған соң, іс материалдары сотқа жіберіледі.
Пікір қалдыру