Қазақстандықтарға көшеде де, көлікте де маска тағу міндеттелді

/image/2020/07/30/crop-4_80_812x1444_zagrudgennoe.jpg

Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сай, қазақстандықтар жабық нысандармен бірге көшеде және көлікте маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Елдің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 2020 жылдың 27 шілдесінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 26 маусымындағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды. 

Қаулыдағы ережеге сай, адамдар жабық нысандармен бірге көшеде және көлікте міндетті түрде маска тағуы тиіс. Сондай-ақ қаулыда COVID-19 ауруын жұқтырған адамға көмектесетін сау азаматтарға, коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда маска тағу міндеттелген.

Қаулыда айтылған талап сақталмаса, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар