Бюджет қаржысын жымқырған ауыл әкімі ұсталды (видео)

/image/2020/07/30/crop-6_11_516x688_200730165748435e.png

Қостанай облысы Қашар кентінің әкімі бюджет қаржысын жымқырған деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Рудный қаласына қарасты Қашар кентінің әкімі мекеме тіркеуінде тұрған қызметтік автокөлікті жөндеуге бөлінген 1 464 000 теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр. 

Автокөліктер жөндеуден өтпеген. Күдікті соған қарамастан аталған қаржыны жымқыру үшін жеке кәсіпкердің есепшотына аударып жіберген. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр" делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімге қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін бастады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар