Карантин созылуына байланысты қазақстандықтарға 21250 теңге төленеді

/image/2020/07/30/crop-10_44_408x726_dengi-foto-miheev-pavel-4-1024x680-2-750x498-2.jpg

Қазақстанда карантин тағы 2 аптаға созылуына байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге әлеуметтік төлемнің жартысы 21250 теңге төленеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

– Бүгін карантиннің ұзартылуына байланысты азаматтарға төлем төлеу туралы президент тапсырма берді. Алайда бұл жолы карантинде төленетін соманың жартысы төленеді, –  деді Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметін өткен брифингте.

Бұған дейін карантин енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалып келген.

Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға елде карантин режимін тағы екі аптаға ұзартуды тапсырған.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар