Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
– Барша қазақстандықтарды мұсылман қауымының ең бір қасиетті де ұлық мерекесі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам бірлігімізді нығайтып, халқымыздың татулығын арттырып, елдігімізді күшейтеді.
Осы қасиетті мерекеде жасаған қайырымды істеріңіз бен ниеттеріңіз қабыл болсын!
Құрбан айттың басты құндылықтары – ол адамдардың бір-біріне жанашырлықпен қарауы, қамқорлық танытып және жақсылық жасауы. Осындай ізгі де мейірімді амалдар бүгінгідей күрделі кезеңде әрбір адамға өте қажет, – деді, Нұрлан Нығматулин.
Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық және әрбір отбасына бақ-береке тiледі.
Мәжілістің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру