Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі эпидемиологиялық жағдайды жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте 1414 адамнан КВИ анықталған. Оның ішінде 627 адамда вирустың клиникалық белгілері байқалмаған.
Сондай-ақ 1702 адам жазылып шыққан.
Қазақстанда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 89 078-ге жетті. Осы уақытқа дейін 59 517 адам індеттен айықса, 793 адам қайтыс болған.
Worldometers сайтының дерегінше, Қазақстан вирус жұқтырғандар саны жөнінен әлемде 27-орында келеді. Тізімнің басында – АҚШ, екінші сатыда Бразилия, үшінші сатыда Үндістан тұр.
Әлем бойынша 17 млн 474 мың 691 адамнан КВИ анықталған. Оның 10 млн 937 мың 771-і жазылып шыққан. 676 мың 759 адам өлген.
Пікір қалдыру