Құрылыс компаниясы 8 миллионға медициналық құрал-жабдық тарту етті

/image/2020/08/03/crop-119_49_501x766_4bd3442a-8286-4821-9276-0320bcd204db.jpg

"Гун  Строй Сервис" құрылыс компаниясының директоры Сәбит Қалиолданов арнайы сапарымен Алматы облысындағы Кеген, Райымбек аудандарына барып, орталық ауруханалардың әрқайсысына 4 миллион теңгенің аса қажетті медициналық құрал-жабдықтарын, дәрі-дәрмек әкеліп табыстады.

Сондай-ақ, ауруханалардың жансақтау бөлімдеріне арналған көп мүмкіндігі бар екі төсек сыйлады. Сәбит Қалиолданов бастаған құрылыс компаниясының ұжымы мұндай қолдау, көмектерін Ұйғыр ауданына да көрсетті. Алматы қаласындағы ауруханаларға 8 миллион теңгенің қажетті  медициналық құрал-жабдықтарын алып берді.

Жомарт жанға Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков пен Кеген аудандық орталық ауруханасы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Алмас Тілеулиев өңір тұрғындарының атынан алғыс айтып, компания ұжымының еңбектеріне табыс, дендеріне саулық тіледі.

Айдар ҚАЛИЕВ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар