Кегендік еріктілер өкпені жасанды желдететін аппарат сыйлады

/image/2020/08/03/crop-143_60_480x714_26480d53-8c8f-4fbf-aa81-656c75797654.jpg

Қайырымдылық жасап, қайырын көрген еріктілердің ілкімді ісі ерлікпен тең. Жақсылық жасауға жаралған жандардың қатарында кегендік еріктілер де бар.

1 мың 200 жасы бар Алматы облысы Кеген ауданының еріктілері 2 отбасына баспана кілтін сыйлап, қуанышқа бөледі. Аудандық орталық ауруханаға өкпені жасанды желдететін 7 аппарат алып берді. Ауданның еріктілерінің қатысуымен "BIZ BIRGEMIZ",  "Мейірімді Жетісу" акциясы аясында осы уақытқа дейін  300-ден аса түрлі әлеуметтік акциялар уақтылы өткізілуде. Атап айтқанда 3 мың аз қамтылған, көпбалалы, ерекше қамқорлық қажет ететін отбасыларына демеушілердің көмегімен азық-түлік берілді. "Кемедегінің жаны бір" демекші, осындай қиын қыстау кезеңде өз қолдарымен медицналық бетперде тіккен Жансая Есбосынова, Меруерт Нұрғазиева, Ақерке Қожамбек, Мөлдір Сәрсеновалар талай жасқа үлгі болды.

Кегендік еріктілердің мақсаты айқын. Олар баба жолын жалғап, қайырымдылық жасаудан еш жалықпайды.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар