Алматы облысында ПТР тесттің жалған анықтамасын сатқан адам ұсталды

/image/2020/08/06/crop-5_116_836x1486_mycollages-1.jpg

Алматы облысында медицина қызметкері ПТР тесттің теріс көрсеткіші бар анықтамаларды 25 мың теңгеден сатқан. Бұл туралы қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Covid-19-ға теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасын жасап, ақшалай "сыйақы" алғаны үшін 1984 жылы туған медицина қызметкері ұсталды" делінген комитеттің баспасөз қызметінде.

Бұл жағдай Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде анықталған.

Ведомствоның мәліметінше, ол маусым айынан бастап 12-ге жуық жалған анықтама сатқанын мойындады.

Баспасөз қызметі қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар