Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ербол Шорманов отставкаға кетті. Бұл туралы «Қамшы» порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Осыған дейін Ербол Шорманов мырза әкімнің энергетика, тұрғын үй комуналды шаруашылық мәселелері, қаланы көгалдандыру, экология, өнеркәсіп орындары мен шағын және орта бизнесті дамыту және қаланың санитарлы-эпидемиологиялық жұмыстарына жауапты болған.
Әзірге әкім орынбасарының өз еркімен отставкаға кетуінің себептері анықталмаған.
Ербол Әлімқұлұлы Шорманов 1968 жылы 20-тамызда дүниеге келген.
1991 жылы Алматы қалалық ауылшаруашылық институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
1997 жылдан 1998 жылға дейін Жамбыл облысы Кеден басқармасының басшысы қызметін атқарған.
1999 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің кеден комитетінде, БҚО кеден басқармасында лауазымды қызметтер атқарып, 2002-2004 жылдары Алматы облысы Кеден басқармасы басшысының бірінші орынбасары болған.
2008 жылы Алматы қалалық әкімі аппаратының басшысы болған.
Ал 2009-2015 жылдары Алматы қаласыәкімінің орынбасары болды.
Нұрзат Тоғжан
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру