Азия вице-миссі «Борат» үшін байқауға қатысқанын мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20170708192715328_small.jpg

Қазақстанда туған Азияның вице-миссі Жанна Стинсон «Борат» фильмі үшін Азия аруы байқауына қатысқанын мәлімдеді.

Бұл туралы «Қамшы» порталы «Тумбаға» сілтеме жасай отырып жазады.

Жанна Стинсон (негізге тегі - Досмұхаметова) Қазақстанда туғанымен, қазір ол АҚШ-та тұрады.

Ақтау қаласының тумасы америкалық басылымға берген сұхбатында ол Азия аруы байқауына америкалықтардың Қазақстанға деген көзқарасын өзгерту үшін қатысқанын айтқан.

Былтырғы жылы АҚШ-та өткен «Азия аруы»  «Miss & Mrs Asia USA» байқауында ол 30 елдің  арасынан Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз қыз болған.  Жарыс нәтижесінде жерлесіміз 2-орынды иеленген.

«Бізге жүктелген талаптар бойынша, біз түрлі қайырымдылық шараларына қатысып, жетім-жесірлерге көмек беріп тұруымыз керек. Сондай-ақ,  кез келген жағдайда журналистердің сұрағына жауап таба алуымыз қажет. Мен балалық шағымды Қазақстанның кішкентай бір ауылында өткіздім. Қазақ салтында қалыптасқандай мені әжем тәрбиеледі. Біздің ауылымыз Орталық Азияның шалғай бір түкпірінде орналасқан еді. Мен әжеме қарап, үй шаруасымен айналыстым. Бұл маған ұнайтын да. Себебі, мен үлкен кісілердің қасында болғанды жақсы көретінмін. Олардан үйренеріміз де көп қой. Бұл менің өмірімдегі ұмытылмас кезеңдердің бірі еді»,-дейді Жанна ханым  америкалық  «HOLLYWOOD WEEKLY» журналына берген сұхбатында.

«Мен бұл байқауға бірнеше себеппен қатыстым. Біріншіден, мен бұл байқауға бір сайыс секілді қараған жоқпын.  Менің жалғыз мақсатым – Қазақстанның мәдениетін әлем елдеріне паш ету болды.  Менің байқағаным, «Борат» фильмінен кейін көптеген америкалықтар Қазақстан туралы өзгеше ойлай бастаған.  Бұл әрине, жаңсақ түсінік және оған олар кінәлі емес те. Тек олар солай көрді. Ал шын мәнінде Қазақстан қандай мемлекет?! Мәдениеті тұнып тұрған, қазба байлықтары мол тамаша мемлекет қой. Менің мақсатым америкалықтардың көзін осыған жеткізу болды»,-дейді Жанна ханым.

Нұрзат Тоғжан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар