Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі Бейбіт Атамқұлов малайзиялықтармен құда болып шықты.

/uploads/thumbnail/20170708192716061_small.jpg

Басылым оңтүстік өңірге әкім болып келген Бейбіт Атамқұлов туралы қызықты мәліметтерді жария етті. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы "Нұр.кз" сайытына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Атап айтар болсақ, кезінде «Қазақстан темір жолы» компаниясын басқарған Ерлан Атамқұлов пен Бейбіт Атамқұловтың бір-біріне туысқан екені белгілі болды.

Одан бөлек, жаңа әкім 1996 жылы «Рахат металс» компаниясының бас директоры, 2002 жылдан бастап «Рахат» компаниясында директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

Бәрінен бұрын Атамқұловтардың құдалықтан жолы болғаны көрініп тұр.

Бағила және Бейбіт Атамқұловтар малайзиялық құдаларымен бірге. Фото: rgmedia.kz

Басылымның жазуынша, ОҚО әкімінің немере ағасы Ерлан Атамқұлов Иманғали Тасмағамбетовтың әпкесі Нұрсұлу Тасмағамбетовамен туған құда екен.

Қазақы тілмен айтқанда Бейбіт Атамқұловтың келіні Малайзия премьер-министрінің жиені болып келеді.

Ал, Бейбіт Атамқұлов басқа емес, Малайзия премьер-министрінің қызын өзіне келін еткен.

Биыл Болат Назарбаевтың өгей баласы Данияр Кесікбаев Малайзия премьер-министрінің қызымен жұп жарастырып, отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізгенін білеміз. Қазақтың жігіттеріне шетінен үлестіре беретін Малайзия премьер-министрінің қыздары көп пе? Осы ақпараттың анық-қанығын анықтау кезінде білгеніміз – Малайзияда премьер-министр көп болып шықты. Онда әр өңірдің премьері болатын көрінеді.

Бейбіт Атамқұловтың ұлы Дияс 2013 жылы Малайзияның Саравак деп аталатын әкімшілік аймағының премьер министрі Тайып Махмудттың қарындасының қызына үйленген екен. Қазақы тілмен айтқанда Бейбіт Атамқұловтың келіні Малайзия премьер-министрінің жиені болып келеді.

Еске сала кетейік, жақындағы ауыс-түйісте елбасымыз Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі қызметіне Бейбіт Атамқұловты тағайындаған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар