Шенеунік тұрғындарға дөрекі сөйлегені үшін кешірім сұрады (видео)

/image/2020/08/14/crop-4_11_436x581_2020_08_12_crop-187_174_559x993_135137211800.png

Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов талдықорғандық тұрғындардың наразылығын туғызғаны үшін кешірім сұрады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы Instagram парақшасында жазды.

– Кәсіпкерлер жұмыс істеуге рұқсат сұрап келді. Бірақ мен оларға рұқсат жоғын түсіндіруге тырыстым. Елдегі карантин жағдайына байланысты барлығына шектеу қойылғанын білесіздер. Мен адамдармен шенеунік ретінде емес қарапайым тілде сөйлесіп, түсіндіргім келді. Бірақ, оның бәрі басқаша болып шықты. Менің жасаған қателігімнен әріптестерім де сабақ алса деймін. Ренжіткен адамдардың баршасынан кешірім сұраймын. Менің жаман ойым болған жоқ. Қателікке бой алдырғанымды мойындаймын. Бар жауапкершілікті алуға дайынмын, – деген облыстық бас санитар дәрігер.

Бұған дейін Ерғали Сыдыманов алғашқы жұмыс күнінде талдықорғандық тұрғындардың наразылығын туғызып, желіде резонанс тудырғаны хабарланған.

Кейіннен денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ерғали Сыдымановқа қатысты қызметтік тергеу жүргізуді тапсырған тапсырған

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Nur Kanatuly (@nur.kanatuly.kz)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар