АҚШ ғалымдары зертханада алғаш рет адам миын өсіріп шығарды. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы "Би-Би-Си" агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Тері жасушасынан өсірілген органоид көлемі жағынан бұршақтан сәл үлкендеу, алайда қызметі мен құрылымы жағынан бес апталық адам ұрығының миынан аса айырмашылығы жоқ. Органоидтан ұрықталған жұлын мен көз бөлінеді.
Ғалымдар түсіндіргендей, прото мидың зердесі жоқ, эксперименттер Альцгеймер ауруымен күресуге жаңа тәсілдер өңдеуге жәрдемдеседі деген болжам жасап отыр.
«Адамдарға қайғы, қасірет әкелетін ми ауруына байланысты күрделі мәселелерді шешу үшін көптен бері жұмыс жүргізіп келміз. Бұл үлгінің пайда болуы медицинаға елеулі өзгеріс әкелуі мүмкін», - деді Би-би-сиге берген сұхбатында Огайо университетінен зерттеу тобының басшысы Рене Ананд.
Пікір қалдыру