Астана әуежайында ірі контрабандалық тауардың жолы кесілді. Қытайдан 320-дан астам құндыз тонды заңсыз алып келген азаматтың қолына ұшақтан түскен бойда кісен салынды. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы "Нұр.кз" сайытына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Құндыз тондарды белгісіз азамат Пекин-Астана рейсімен қазақ жеріне алып келіпті. Алайда оның қулығы әшкере болды. Тінту кезінде полицейлер жалпы саны 324 құндыз тонын тәркіледі.
Оның нарықтағы бағасы 350 мың АҚШ долларынан асып отыр. Қазір күдікті контрабандалық жолмен тауар тасымалдағаны үшін қамауға алынып, оған қылмыстық іс қозғалды.