Жол -көлік апатының жай-жапсары анықталды

/uploads/thumbnail/20170708192738880_small.jpg

 

Павлодар облысы ІІД Екібастұздағы такси көлігімен соқтығысқан автомобильдің салонында полицейлердің болмағанын мәлімдеді. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.  

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасынан таксидің 24 жастағы жүргізушісі қаза тапқан болатын, тағы екі адам ауруханаға жеткізілген.

ІІД мәліметінше, Lada Priora автомобилінің жүргізушісі  Павлодар қаласының тұрғыны болған. Ол балалар үйінің тәрбиеленушісі, жұмыссыз. "Lada Priora автомобилінде болғандардың ешқайсысы полиция қызметкері емес екенін жазған ведомствоның  баспасөзге берген хабарламасында.

"Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр", - деді ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде такси паркінің қызметкері Светлана Шепель жариялаған болатын. Өз постында ол жол апатының куәгерлерін іздейтінін жазды. Кейін ол куәгерлердің табылғанын хабарлады. "Әлеуметтік желі арқылы біз куәгер таптық, оның айтуынша, "лада" жоғары жылдамдықпен жүрген. Адамдар оның мас болғанын айтты. Біз жол апаты кезінде автомобильде полицейлердің де болғанын анықтадық, олар да мас күйде болған", - деді тасымалдау  паркінің қызметкері Светлана Шепель.

Lada Priora мен ВАЗ-2106 автомобильдерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 15 тамызда Абай-Торайғыров көшелерінің қиылысында болды. Қаза тапқан жігіттің артында әйелі мен төрт айлық қызы қалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар