Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қазавтожол" ұлттық компаниясының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті "Қазавтожол" ұлттық компаниясы АҚ облыстық филиалының басшылығына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша жазаланады. (Мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7-12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады).
Аталған тұлғалар мердігерлік ұйыммен және басқа тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы 2017-2019 жылдар аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдары учаскесінің Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктін абаттандыру бойынша күрделі жөндеуге бөлінген 13 млн теңгеден астам (13 247 799 теңге) бюджет қаражатын жымқырған" делінген агенттік таратқан хабарламада.
Пікір қалдыру