Павлодарда 1 млн теңгеден асатын жанармай материалдарын заңсыз қабылдаған басшы ұсталды (видео)

/image/2020/08/21/crop-19_7_388x518_2020-08-21_18-48-59.png

Павлодарда 5,5 тонна жанармай материалдарын заңсыз қабылдаған компания басшысы ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

"Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі заңбұзушылық жасады деген күдікпен "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы АҚ облыстық филиалдарының бірінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Ол ұйым басшыларынан жалпы құны 1 млн теңгеден асатын 5,5 тонна жанармай материалдарын заңсыз қабылдады деген күдікке ілінді" делінген агенттік  хабарламасында.

Айта кетейік, "Қазавтожол" ұлттық компаниясының басшысы 13 млн бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар