Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Түсіпханов қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Болат Түсіпхановтың кенеттен қайтыс болуы медицина үшін орны толмас қайғы. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы ұжымы Болат Асылханұлының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады" делінген хабарламада.
Болат Асылханұлы – №4 қалалық клиникалық аурухананада 2018 жылдан бері жұмыс істеген жоғары санатты дәрігер.
Ол маусым айында туыстарына қауіпті індеттен сақтануға аудиохабарлама жолдаған. Кейіннен жіберген аудиохабарламасы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, халық арасында резонанс тудырды.
Еске сала кетейік, аудиода екі хирург науқастармен байланыста болып, ауырып қалған. Бір дәрігер жансақтау бөлімінде әрең есін жиғанын, екіншісінің жағдайы әлсіз екені айтылған.
"Аурухана науқастарға толы, жансақтау бөлімінде орын жоқ. Медициналық аппараттар да жеткіліксіз. Бұл шындық. Жағдайы орташа ауыр науқастар үйлерінде қалуға мәжбүр. Дәрі де берілмейді. Сондықтан денсаулықтарыңызды күтіп, абайлаңыздар" делінген аудиожазбада.
Пікір қалдыру