"Солтүстік Корея әскерлері мен полициясына елдің Қытаймен шекарасынан бір шақырымға жақындаған кез келген адамды атуға бұйрық берілді" деп хабарлайды британиялық Дэйли Экспресс баслымы.
Өткен айда Ким Чен Ын бұл елге коронавирус "кіре алатынын" мойындады.
Солтүстік Корея Хамгёнг провинциясының тұрғыны журналистерге коронавирустық пандемия аяқталғанға дейін Солтүстік Корея мен Қытайдың шекарасында қатаң саясат жүргізілетіні хабарланғанын айтқан.
Ақпараттарға сәйкес, Хёрён қаласының полициясына "Солтүстік Корея мен Қытай шекарасынан бір шақырым қашықтыққа келген адамдарды, қандай да бір себептеріне қарамастан, өлтіреміз" деп қауіпсіздік министрлігінен шұғыл хабарлама жіберілген.
Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Корея мен Қытай арасында жағдайдың шиеленісіп, Пхеньян шекараға 1500 арнаулы жасақты жібергені хабарланған. Оған қоса, екі елдің теңізшілері мен патрульдік қайықтары қақтығысып, адамдар қаза тапқаны мәлім болған.
Пікір қалдыру