Мәсімов теңге бағамын еркіне жіберілетінін айтты

/uploads/thumbnail/20170708192807544_small.jpg

Енді Қазақстан жаңа экономикалық саясатқа көшетін болады. Бұл туралы ҚР Үкімет басшасы Кәрім Мәсімов үкіметтің слекторлы отырысында  мәлімдеген. Бұл туралы «Қамшы» порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Үкіметтің селекторлы отырысында Кәрім Мәсімов мырза 20 тамыздан бастап Қазақстанда вальюта дәлізі алынып тастайтынын және теңге бағамын еркіне жіберетінін айтқан.  Премьер-министр мырзаның айтуынша, бұл валюта айырбастау курсының нығайып та, әлсіреп те кететінін көрсетеді. Оның айтуынша, теңгенің айырбас бағамы нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларын есепке алу негізінде құрылады.  " Оның айтуынша, Ұлттық банк айырбас бағамының нарықтағы деңгейінің құрылуына араласпайды, алайда ол қаржы жүйесіндегі тұрақсыздық қаупі туындаған жағдайда валюталық интервенция өткізу жолымен ішкі валюталық нарыққа қатысу құқығын алады.

Министрлер кабинетінің басшысы инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатының жүзеге асырылуының экономикалық саясаттың стратегиялық мәселелерін (отандық экономиканық ұзақ мерзімді тұрақты дамуына қол жеткізуге, инфляцияның төмен деңгейіне, ел халқының жұмыспен қамтылуының және жағдайының деңгейін көтеруге) шешуге қолғабыс болатынын атап өтті.   

"Айырбас бағамының мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылатын нарықтағы сұранысы мен ұсынысы экономикалық дамуды қайта құруға, кредиттік және инвестициялық белсенділіктің жоғарылуына, 3-4 пайызға дейін ұзақ мерзімді перспективада жаңа жұмыс орындарын ашуға қажетті мүмкіндіктерді туғызады", - деді Мәсімов.

«Біз бұған ұзақ дайындалдық. Өзге елдердің тәжірибесін қарадық», – деп атап өткен Мәсімов Австралия мен Канаданың экономикасын бағдарда ұстау керектігін айтты.

Үкіметтің келесі отырысы сенбі, 22 тамыз күні өтеді.

Нұрзат Тоғжан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар