ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы ел экономикасында мұндай жағдайдың бұрын болмағанын айтып, үлкен қауіп төніп тұрғанын ескертті. Бұл туралы «Қамшы» порталы КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ақордада жиын өткізген Қазақстан Президенті кездесу кезінде әлемдік нарықтағы жағдайдың нашарлауы жағдайында қазақстандық экономиканың өсуін қамтамасыз ету бойынша бағыттарды талқылаған. Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасына ұзақ мерзімде әсер етуі мүмкін жағымсыз факторларды атады.
1. Мұнай мен метал бағасының төмендеуі алдағы бес жыл көлемінде сақталуы мүмкін.
2. Дамушы елдердің инвестиция мен капиталға қолжетімділігі шектелуі мүмкін.
3. Қазақстандық өнімнің саудасы негізгі серіктестеріміздің, Ресей мен Қытайдың тарапынан болып жатқан сұранысының әлсіреуінен нарық қысымға ұшырап жатыр.
«Президент қалыптасқан жағдайдың мемлекеттен бюджеттік және монетарлық саясатты теңдестіруді қамтамасыз ету бойынша алдын алудың тиімді шараларын өткізуді, сонымен қатар, экономикалық дамуды жүзеге асыру мақсатында жаһандық қиындықтарға қарсы іс-қимылды талап ететінін айтты»,-деп жазады tengrinews.kz.
Мемлекет басшысы жаңа экономикалық жағдайда мұнайдың баррелі үшін 30-40 доллар бағасына бейімделудің қажеттілігін атап өтті.
Президент сөзін пайымдай келе аңғаратынымыз, алдағы уақытта қаржылық қиындық Қазақстанды қос бүйірден қысқалы тұр. Сондай-ақ, әлемдік мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты бюджеттің түсімі де жарты триллион теңгеге азайып отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылға дейін республикалық бюджет дефицитін 1 пайызға дейін түсіруді тапсырды. Ол дефицитті қаржыландырудың ішкі резервтер арқылы жүзеге асырылуы керектігін атап өтті.
Ол экономиканың бәсекелестік артықшылықтары бар негізгі салаларына қолдау білдіруге басымдықтың берілуі керектігін айтты.
"Қойылған міндеттерді жүзеге асырудың маңызды тұсы - дамудың осыған ұқсас жолын жүріп өткен әрі экономикалық жағдайы ұқсас елдердің тәжірибесі. Бұл - Австралия мен Канаданың соңғы 30 жылдағы тәжірибесі. Тауар жеткізудің жаһандық тізілуіне Қазақстанның алдағы онжылдықтарда үлкен мүмкіндіктері бар", - деді Мемлекет басшысы.
Нұрзат Тоғжан
Пікір қалдыру