Ақмола облысының Есіл аудандық сотының тергеу судьясы Есіл ауданының ішкі істер бөлімі тергеушісінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-ші бөлігінің 3-тармағына сәйкес қылмыс жасағаны үшін айыпталушыларға қамаққа алу түріндегі санкция беру туралы өтінішін қарады. Бұл туралы «Қамшы» порталы «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасайды.
Сот процесі барысындағы тергеу жұмыстарында анықталғандай, Есіл аудандық ішкі істер бөлімі кәмелетке толмаған қызға күш көрсету арқылы зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған және аталған қылмыс бойынша күдікті ретінде екі азаматты ұстаған.
Алдын ала тергеу органдары күдікті ретінде ұсталғандарға аса ауыр қылмыс жасады деген айыптауды ұсынылып, ол үшін заңда кемінде 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қаралған. Айыпталушылардың екеуі де отбасын құрған азаматтар. Бірінің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар болса, енді бірі бұрын сотталған.
Нұрзат Тоғжан
Пікір қалдыру