Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

/image/2020/09/03/crop-134_13_836x1115_whatsapp-image-2020-09-03-at-10.43.41.jpeg

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі берген тапсырмаларының орындалу барысын бақылады. Аймақ басшысы алдымен аумағы 1800 ш.м құрайтын «Дорожников» скверіне жасалған абаттандыру жұмыстарымен танысты. Мұнда шамдар қойылып, тротуар салынған, футбол алаңшасы жаңартылып, орындықтар орналастырылды. Скверде адамдардың демалуына жағдай жасалып қана қоймай, үй жануарларын серуендетуге де арналған орындар пайда болды. Қалыпқа келтіру жұмыстары 2020 жылдың маусым айында басталған. Өңір басшысы №23, № 68, №13 білім ошақтарында болды. Мектептерде жүргізіліп жатқан кеңейту құрылыс жұмыстарын бақылады. №23 білім ұясында құны 617,9 млн. тенгеге 3 қабатты 200 орындық, № 68 мектепте 299,9 млн. теңге қаржыға 150 орынға арналған 3 қабатты ғимарат және №13 мектепте 220 орынға арналған 2 қабатты нысан бой көтеруде. Ол үшін 290,5 млн тенге бөлінген. Жыл сайын балалар санының артуына байланысты білім ошақтарының сыйымдылығын кеңейту қажеттігі туындаған.

qamshy.kzӨңір басшысы Сәңкібай батыр даңғылы мен Ряхова көшесінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарын бақылады. 3384 м.ұзындықта жүргізіліп жатқан Сәңкібай батыр даңғылындағы жөндеу жұмыстары 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар, жарықтандыру, веложолақтар, су ағарлар салынады. Сондай-ақ, ұзындығы 1850 м болатын Ряхова көшесіндегі орташа жөндеу осы жылдың қазан айында аяқталады. Қала әкімдігі ескі үйлердің қасбеттерін әрлеу жұмыстарын қолға алған. 

qamshy.kz

Шернияз Жарылғасұлы көшесіндегі 6 көпқабатты тұрғын үйдің сыртын жаңарту жұмыстары “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ-ның демеушілігімен жүзеге асуда. Облыс әкімі қала басшылығына аула ішіндегі жолдарды жөндеу қажеттігін айтты. Оңдасын Оразалин «Жас натуралистер станциясының» тыныс-тіршілігімен танысты. Балаларға өсімдік, мал шаруашылығы және экологияны сабақтан тыс үйретуге бағытталған орталықта 630 бала білім алады. 3 бағыт бойынша 24 үйірме жұмыс істейді. Дендросаябақта 300ден астам ағаш, 100-ге жуық түрлі жеміс ағаштары бар. Сонымен қатар қоян, сутасбақасы, дала қыраны т.б құстарды асырайды.

qamshy.kz

Қала тұрғындарын бағасы қолжетімді әлеуметтік маңызды азық-түлікпен қамту мақсатында «HALYQ SAÝDA» шағын көтерме сауда орталығының 19 дүкені ашылды. Облыс әкімі жобаларды іске қосуды онлайн-режимде бастап берді. Бұған дейін осы бағыттағы бір дүкен ашылған болатын. Халық сұранысына байланысты «HALYQ SAÝDA» шағын көтерме сауда орталығының саны 20-ға жеткізілді. Өңір басшысы инвесторлар мен кәсіпкерлерге толық консалтингтік қызмет көрсететін фронт-кеңсенің қызметімен және корпорацияда жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты. «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Имантаев әкімді корпорацияның дамудың алдағы 5 жылдық стартегиясына негізделген жаңа моделімен таныстырды. Корпорацияда инвесторларды тарту мен сүйемелдеудің кешенді жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда жобалар портфелінде жалпы құны 124,4 млрд теңге болатын 88 жоба бар.


Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қала әкімі Асхат Шахаровқа қала көркін қалыпқа келтіруге , жолдарды жөндеу жұмыстарын қарқындатуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. 

qamshy.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар