Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылады, деп хабарлады Ақорда.
"Елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылсын.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақтан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" делінген ресми сайт жариялаған жарлықта.
Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрамына:
Қазақстан Республикасының Президенті, төраға – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев;
Төрағаның орынбасары – Сэр Сума Чакрабарти;
Жоғары кеңестің мүшелері:
Қазақстан Республикасының премьер-министрі – Асқар Ұзақбайұлы;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы – Қошанов Ерлан Жақанұлы;
Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банкінің Төрағасы – Досаев Ерболат Асқарбекұлы;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – Келімбетов Қайрат Нематұлы;
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы – Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы;
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы – Исекешев Әсет Өрентайұлы;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Сүлейменов Тимур Мұратұлы;
"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы – Құлыбаев Тимур Асқарұлы.
Пікір қалдыру