Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке ақпараттық жүйелерді құруға бөлінген 500 миллион теңгені жымқырды деп айып тағылып жатыр. Бұл туралы қаржы мониторингі комитетінің 21 қыркүйекте орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде айтылды.
"Әбішев ақпараттық жүйелерді құруға бөлінген 500 миллионнан астам теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Соттың мақұлдауымен ол қамауға алынды, тергеу жалғасуда", – деді қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Елиманов.
Тергеу мәліметтері бойынша, Әбішев жұмыстың іс жүзінде аяқталмағанын алдын-ала біліп, орындалған жұмыс актісіне қол қойып, толық төлеген. "Бүгінгі күні ол іске қосқан ақпараттық жүйе іс жүзінде жұмыс істемейді, жұмыс істемейді. Керісінше бюджетке осындай мөлшерде залал келтірілген. Сонымен қатар, осы қылмыстық іс аясында осы министрлікте бюджет қаражатын жұмсаудың басқа фактілері де тексеріліп жатыр. Бірақ, өкінішке орай, бізде қылмыстық іс жүргізу заңнамасында ақпарат таратуды шектейтін талаптар бар ... Бұл әрекеттер 2018 жылдың соңында жасалды, бұл пандемияға дейін болған", – деп қосты Елиманов.
Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев тамыз айының басында ұсталған болатын.
Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі болып 2018 жылы тағайындалды. Ол цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берген.
Пікір қалдыру