Ұзатылған қыздың көз жасы

/uploads/thumbnail/20170708192928173_small.jpg

Сағат түнгі он екіге жақындағанда мейрамханадан ұзатылған қызды алып шығуға құдалар ыңғайлана бастаған еді. Шоу қылып, әндетіп, запиське жазылған жаттанды сөздерін қайталап қазақша киінген қыздар жүрді.

-Аялап, бетінен қақпай өсірген әкесіне құрметімізді білдіріп, шапалақ соғайық, ағайын!-деген күнде тойда айтатын сөзін қыздар қайталаған сәтте Оның көзінен жас ытқып кетті. Мөлт-мөлт...

Оның әкесі жоқ еді.

Әкесінің өлгеніне ғана емес, шешесінің жалғыздан-жалғыз өйтіп-бүйтіп, қатарынан қалдырмай бағып-қаққаны есіне оралды. Анасының көбіне көңіл күйі болмайтын.  Разы емес, жүзі солғын тартып тұратын. Неге екені, той-томалаққа бара қалса, қатты боянып алатын... Шешесінің өзін жұрттан кем сезінетіні дәл сол мезетте оның есіне түсті. Анасымен анда-санда пікірлері сәйкес келмей де қалатын... Қатып қалған көңілін ұрыспен сыртқа шығарып, ақыры екеуі көздерінің жасын сығып алатын еді. Бірақ сөйтіп жүріп-ақ, шешесі несие алса да, дүрілдетіп тойын жасап беріп жатқаны оның көңілін босатып, жастың үстінен жас ыршытты... Осы бір ақпараттың бәрі бірігіп оның жанын қинап, кеудесін қысып тұрған болатын.

Сол бір көңілсіз әлемнен күйеу жігіт оны көтеріп алып кетіп бара жатқанда, жанары жасаурап қана тұрған анасының бүгін үйде жалғыз өзі қалатынын ойлап, қыз кетіп бара жатты.

Әлішер  Рахат

Қатысты Мақалалар