Жақында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне Рақым Ошақбаев тағайындалды. Бұл туралы «Қамшы» порталы today.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Рақым Ошақбаевтың ҚР инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалғаны туралы ақпаратты әуелі Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында ҚР ИДМ баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы жариялады.
"Жаңа ғана Әсет Исекешев ИДМ ұжымына жаңа вице-министрді таныстырды. Rakhim Oshakbayev", - деп жазды Қ.Жұмабайұлы.
Бұған дейін Р.Ошақбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.