Атамбаевтың босатылғаннан кейінгі алғашқы суреті жарияланды

/image/2020/10/06/crop-110_9_436x581_photo_72910.jpeg

Желіде Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың тергеу изоляторынан босатылған суреті пайда болды. Суретті ҚДП саяси партиясының өкілі Құндыз Жолдыбаева Facebook парақшасында жариялады.

– Алмазбек Шаршенович бүкіл халыққа жалынды сәлем жолдайды!, – деп жазды Жолдыбаева.

Айта кетейік, Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген азаматтар Бішкекте наразылық акциясына шықққан. Наразылықтың арты жаппай тәртіпсіздікке ұласқан.

Азаматтар сайлау қорытындысының күшін жойып, жаңа сайлау өткізуді талап етуде.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар