Интернетте Батырхан Шүкеновтің жаңа бейнебаяны жарық көрді (Видео)

/uploads/thumbnail/20170708193026485_small.jpg

Батырхан Шүкеновтің "Аялаған арман-ай" атты жаңа бейнебаяны ғаламтор желісінде жарияланды.

Ақ-қара түсті пайдаланған  бейнебаян отандық телеарналарда көрсетіліп жатыр. Бейнебаянды Батырхан Шүкенов атындағы 2015 жылдың мамырында құрылған қор түсірді.

Батырхан Шүкеновтің атындағы қор Қазақстандағы музыкалық білім ордаларында әнші атындағы шәкіртақыны тағайындауды жоспарлап отыр. Қордың негізгі мақсаты әнші атында мектеп-студия, заманауи техникалармен жабдықталған концерт залын және продюсерлік орталық ашу екен.

"Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына із қалдырған" демекші, халықтың қалауына бөленіп, өмірінің соңына дейін "өнер" атты айдында қалқыған ел бағыланы-өзін сүйген, өнерін сүйген халқы барда өнері  қашанда өшпестей болып ұлықталады.

Гүлден Әбдібақыт
"Қамшы" сілтейді

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар