Қытай азаматтарының Атырауға не үшін келгені белгілі болды

/image/2020/10/28/crop-15_26_729x1162_80048ba1-b073-4311-98cf-516ef69c38b2.jpeg

Әлеуметтік желіде Атырау облысы Қарабатан ауылындағы зауытқа бір топ Қытай азаматтарының келіп жатқан видеосы тарады. Бейнежазбаға қатысты Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров түсінік берді, деп хабарлады Ақ Жайық өңірлік газеті.

Облыстың бас еңбек инспекторының айтуынша, 22 қазанда "CNCEC" (China National Chemical Enginnering Co) компаниясының 124 қытайлық маманы интеграцияланған газ-химия кешенінің I фазасы жобасында жұмыс істеу үшін Нұр-Сұлтаннан Атырауға чартерлік рейспен келген.

Кешкі уақытта келген қытайлық жұмысшылар CNCEC вахталық қалашығына қоныстанды. Дәл осы сәтті қазақстандық қызметкерлер видеоға түсірген.

– Аталған факті бойынша CNCEC филиалы және KPI ЖШС (жобаның тапсырыс берушісі) қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері бейнежазбаны түсірген адамдармен сөйлесті. Олар бейнежазбаны түсіргенде арам ойымыз болған жоқ деген, – деді Игілік Әубәкіров.

Еңбек инспекциясы басқармасы қытайлық азаматтар Қазақстанға іскерлік виза бойынша келгенін және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу бойынша санатқа жатпайтынын атап өтті.

Интеграцияланған газ-химия кешенінің I кезеңі Қытай Даму Банкінің ақшасына салынып жатқан Қарабатандағы полипропилен өндіретін зауыт. Жоба мердігері CNCEC компаниясы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар